Өңірлер

Маңғыстау облысында ірі ауқымды әскери оқу-жаттығу өтті

© Photo : Пресс-служба МинобороныВоенные моряки провели мероприятия по защите объектов морской экономической деятельности и обороне побережья
Военные моряки провели мероприятия по защите объектов морской экономической деятельности и обороне побережья - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты еліміздің Батыс өңіріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-қимылдарды пысықтау болды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысында бір уақытта әскери-теңіз күштері мен теңіз жаяу әскерлерінің оқу-жаттығулары өткізілді. Жаттығу жоспарына сәйкес арнайы бөлімшелер дағдарыс аумағындағы шартты қарулы қақтығысты шешу бойынша тактикалық-атыс іс-қимылдарын орындады, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты еліміздің Батыс өңіріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-қимылдарды пысықтау болды. Қарулы күштерден басқа маневр жасауға "Бекет-2020" ведомствоаралық кешенді оқу-жаттығуы шеңберіндегі іс-шараларға қатысқан басқа да мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері тартылды.

"Арнайы операция күштері оқу-жаттығу барысында ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, жергілікті жерді үздіксіз барлады. Бұл заңсыз қарулы құрамаларды дер кезінде анықтау мен әскери бөлімшелерді алдағы іс-қимылдардың бағыты туралы бағдарлауға мүмкіндік берді", - делінген хабарламада.

Әскери теңізшілер теңіздің экономикалық қызмет нысандары мен жағалауды қорғау бойынша іс-шаралар өткізді. Зымыранды-артиллериялық катерлердің күштері теңізден шартты қарсыластың шабуылына тойтарыс берді.

Теңіз жаяу әскерлері шекара маңындағы ауданда қарулы қақтығысты оқшаулау, оның ішінде босқындар лагерлерін өрістету, олармен қажетті ақпараттық және психологиялық жұмысты ұйымдастыру мәселелерін пысықтады.

© Photo : Пресс-служба МинобороныОқу-жаттығудың белсенді кезеңін қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қадағалады
Маңғыстау облысында ірі ауқымды әскери оқу-жаттығу өтті - Sputnik Қазақстан
Оқу-жаттығудың белсенді кезеңін қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қадағалады

Қазіргі таңда әскерлерде, бірінші кезекте арнайы операциялар күштері мен арнайы мақсаттағы бөлімшелерде белсенді түрде енгізіліп жатқан армиялық тактикалық атысты қолдана отырып, арнайы бөлімшелердің іс-қимылы жекелей көрсетілді.

Әскери қызметшілер армиялық тактикалық атыс жаттығуларын орындау барысында атыс қаруын, сондай-ақ суық қаруды, атап айтқанда пышақты, сапер күректерін қолданды. 

Оқу-жаттығудың белсенді кезеңін Қазақстан қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев пен Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов қадағалады.  

Жаңалықтар
0