Қоғам

Әскерге шақыру басталды: полковник күзгі науқан несімен ерекшеленетінін айтты

© Министерство обороны КазахстанаАрхивное фото солдата, зачитывающего присягу
Архивное фото солдата, зачитывающего присягу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әскерге шақырылғандар екі рет – жиын пунктерінде және әскери бөлімге келген кезде ПТР-зерттеуден өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Күзгі әскерге шақыру науқаны кезінде қазақстандықтар коронавирусқа қарсы ПТР тесті екі рет тапсырады. Бұл туралы Қарулы күштер Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы полковник Сәкен Жүсіпов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Көктемгі әскерге шақырумен салыстырғанда, әскерге шақырылғандар үшін  ПТР-зерттеу екі рет жүргізіледі. Біріншісі – әскерге шақыру кезінде, яғни жиын пунктерінде. Екіншісі – жас буын әскери бөлімге келген кезде", - деді Жүсіпов онлайн баспасөз мәслихатында.

Ол әскерге шақырылғандар мен медициналық комиссия мүшелері медициналық маска және қорғаныш қамтамасыз етілетінін атап өтті.

Сонымен қатар, күн сайын барлық қызметтік және қосалқы үй-жайларда кемінде екі рет дезинфекция жүргізіледі.

Әскерге шақырылған азаматта респираторлық ауруларға тән белгілер байқалса, тиісті әрекет ету әдісі көзделген.

Ол медициналық тексерістің өзі екі метр арақашықтықты сақтау арқылы жүргізілетінін айтты.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда күзде 17 мыңнан аса адам әскерге шақырылады 

"Біздің қызметкерлерге осы талаптың сақталуын бақылау және дәрігерлердің қабылдауына кезек күтіп қалуды болдырмау жүктелді", - деді полковник.

Айта кетсек, күзгі науқан аясында 17 мыңнан астам адамды әскерге шақыру жоспарланып отыр. Әскерге 18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтар шақырылады.

Жаңалықтар
0