Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда жылу беру маусымы қашан басталады

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуОтопление
Отопление  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордада ТКШ, білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау нысандары бекітілген жоспар бойынша қысқа дайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Елордада жылыту маусымы даладағы орташа ауа температурасы бес тәулік бойы +10 °С және одан төмен болған кезде басталады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.  

"Бес тәулік ішінде сыртқы ауаның орташа температурасы +10 °С және одан төмен болған кезде жергілікті атқарушы орган жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылдайды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, елордада энергия кешендерін, ТКШ, білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау нысандары бекітілген жоспар бойынша дайындалды.

Көп пәтерлі тұрғын үй қорының 90%-тен астамы дайын. Сонымен қатар, қалада күн сайын 20 мың тонна көлемінде қатты отын қоры қамтамасыз етіледі.

Оқи отырыңыз: Үсік жүреді – қыркүйекте ауа райы қандай болады 

Айта кетейік, Қазгидрометтің болжамы бойынша, алдағы күндері Қазақстан астанасында ауа райы жылы болады, күндіз сынап бағанасы 20 градустан жоғары көтеріледі.

Өткен жылы әлеуметтік нысандар 29 қыркүйектен бастап жылуға қосыла бастаған болатын.

Жаңалықтар
0