Қоғам

Назарбаев бас прокурормен кездесті

© Photo : elbasy.kz сайтыНұрсұлтан Назарбаев пен Ғизат Нұрдәулетов
Нұрсұлтан Назарбаев пен Ғизат Нұрдәулетов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бас прокурордың айтуынша, қазіргі уақытта барлық әкімшілік хаттамалардың 73%-ке жуығы электронды форматта жасалған

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовпен кездесті, деп хабарлайды elbasy.kz сайты.

Кездесуде елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жағдайы мен ведомстволық карантиндік шаралар кезеңіндегі жұмыстар туралы айтылды.

"Бас прокурор қазіргі уақытта барлық әкімшілік хаттамалардың 73%-ке жуығы электронды форматта жасалғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметіне заңсыз араласудың алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы да баяндады", – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, бас прокурор әлеуметтік-экономикалық салада азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, елдің қылмыстық заңнамасын ізгілендіру нәтижелері туралы Елбасыға әңгімеледі.

Оқи отырыңыз: Назарбаев билік ауысқан кезде не болатынын айтты - видео

Жаңалықтар
0