Оқиға

Мәскеуде қозғалып тұрған эскалатордан тоғыз жастағы қыз жарақат алды

© Photo : Tobias LindnerЭскалатор, архивное фото
Эскалатор, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоғыз жастағы қыз түсіріп алған тиынын алу үшін еңкейгенде, қолы қозғалып тұрған эскалатордың астында қысылып қалған

АЛМАТЫ, 10 қыркүйек – Sputnik. Мәскеудегі "Савеловская" метро станциясында тоғыз жастағы қыздың қолы қозғалып тұрған эскалатор төсемінің астында қалып, жарақат алды. Бұл туралы "Комсомольская правда" басылымы хабарлады.

Тоғыз жастағы Алена (есімі өзгертілген) анасымен бірге метродан шығар бағыттағы эскалатормен қозғалған. Қыз қолындағы тиынын эскалатордың тепкішегіне түсіріп алған.

Алена тиынды алу үшін шапшаң қимылдағандықтан, анасы келеңсіз жағдайдың алдын алып үлгермеген көрінеді. Жеткіншектің сол қолы қозғалып тұрған эскалатор төсемінің астына қысылып қалған.

Көпшіліктің көмегімен оның қолын шығарып алды. Оқиға салдарынан Аленаның сол қолының сұқ саусағы жараланған. Баланың анасы сүйекке зақым келмегенін, бірақ саусақ терілері тігілгенін айтты. Ең бастысы Аленаның қолы еш қиындықсыз жұмыс істейтіні белгілі болды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда "медициналық оқыс оқиға" ұғымы енгізіледі

Айта кетейік, 2018 жылы Нұр-Сұлтанда екі жасар бүлдіршін қыз эскалаторда жарақат алды. Қызға көмектесу үшін сол маңнан өтіп бара жатқан азаматтар эскалаторды қозғалтпай тұруға тырысты. Баланың екі қолы да зақым көріп, екі саусағы сынды. 

Жаңалықтар
0