Өңірлер

Ата-аналар Ақтау дәріханаларында балалар маскасы тапшы екенін айтып шағымданды

© REUTERS / ADNAN ABIDIРебенок в защитной маске и перчатках опирается на чемодан в ожидании рейса
Ребенок в защитной маске и перчатках опирается на чемодан в ожидании рейса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Маңғыстау облысында ата-аналар тарапынан балаларға арналған медициналық маскалар жасау туралы көптеген өтініш келіп түсуде

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек - Sputnik. Ақтаудағы мектеп оқушыларының ата-аналары дәріханаларда балалар маскасы тапшы деп шағымдануда. Олардың айтуынша, қолданыстағы қалыпты маскалар оқушылардың терісін тітіркендіреді.

"Бірінші сынып оқушылары барлық сабақта маска тағып отырады, оны шешуге болмайды. Ал бірнеше сағат бойы маскамен жүру терінің тітіркенуін тудырады. Негізінен оларды әр екі сағат сайын ауыстырып отыру керек. Бірақ біздің дәріханаларда төрт айдан бері балалар маскасы болған емес. Интернет арқылы тапсырыс берсең, 25 данасы 4 500 теңге тұрады. Ата-аналар үшін бұл қымбатқа түсуде", – деп жазады жргілікті "Лада" басылымы.

Қалалық білім бөлімі болса, "балалар маскасы" деген ұғым жоқ екенін айтады.

"Стандартты маска деген бар. Оны балалар сыныпта ақысыз ала алады. Қажет болса, оларды сол жерде ауыстырса да болады. Қорғаныш құралдары бюджет ақшасына сатып алынды және ешқандай проблема жоқ. Егер ата-аналар қаласа масканы балаларына тігіп берсе де қарсы емеспіз. Тек, оны күнделікті жуып, үтіктеп отыру керек", – деп түсіндірді Ақтау қалалық білім бөлімінің мамандары.

Мектеп маскамен қамтамасыз етуге міндетті ме?

Ал Маңғыстау облыстық тауарлардың қауіпсіздігі мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің өкілдері бес жастан асқан балаларға арналған маскалар сатып алу жоспарланып отырғанын айтады.

"Ата-аналар тарапынан балаларға арналған медициналық маскалар жасау туралы көптеген өтініш келіп түсуде. Қазір біз оның бәрін жинап жатырмыз. Осы жылдың қазан айында қалалық дәріханаларға маскалар жеткізуді ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз", – деп хабарлады департамент өкілдері.

Нұр-Сұлтанда кезекші сыныптардың мектеп оқушылары сабаққа өздерінің маскаларымен келеді. Кейбір білім беру ұйымдары балалар үшін қорғаныш құралдарын өз бастамасымен сатып алады.

"Балаларды маскамен қамтамасыз ету мектептің міндеті емес. Біз мұғалімдерді ғана қорғаныш құралдарымен қамтимыз", – дейді Нұр-Сұлтан қалалық білім бөлімінің бастығы Шолпан Қадырова.

Оқи отырыңыз: "Бетперде тағуға болмайды": Петропавл мектептеріне қатысты шешім шықты

Айта кетейік, депутаттар премьер-министр Асқар Маминге дәстүрлі оқытуға оралу туралы өтінішпен жүгініп, "мәжбүрлеу, тыйым салу және санкциялық-жазалау" форматында жұмыс істейтін дәрігерлерді сынға алған болатын.

Жаңалықтар
0