Оқиға

Онлайн оқу платформасына бірнеше жойқын шабуыл жасалды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуСтрочки с цифрами на экранах компьютера и ноутбука
Строчки с цифрами на экранах компьютера и ноутбука - Sputnik Қазақстан
Жазылу
OnlineMektep.org карантин кезеңінде қазақстандық оқушылар білім алатын негізгі ресурс. 1 қыркүйектен бері платформада күн сайын 1,5 миллионнан аса оқушы сабақ оқиды

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек — Sputnik. Қазақстандық OnlineMektep.org  қашықтан  оқу плафтормасына бірнеше күн қатарынан Қазақстаннан тыс аумақтан жойқын DDoS шабуылдар жасалды, деп хабарлайды Bilim Media Group баспасөз қызметі.

Платформаны әзірлеушілердің пікірінше, бұл шабуылдар пайдаланушылардың сенімін бұзуды көздеп қасақана ұйымдастырылған.

"Бүгін OnlineMektep Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік техникалық қызметінің қорғауы арқасында шабуылға төтеп берді. Бүгінгі сыртқы DDoS шабуыл платформаға он есе артық салмақ түсірді. Бұл  – Қазнет тарихындағы ең үлкен цифрлық шабуылдың бірі", - деді жоба жетекшісі Санжар Кенжеханұлы.

Сондай-ақ, желіде платформа қолданушыларының жеке аккаунтарын бұзуды ұсынатын қаскүнемдер пайда болды. Мұндай қылмыстық әрекет туралы ақпарат құқық  қорғау органдарына беріледі.

Құрастырушылар цифрлық даму, инновацияларжәне аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен білім және ғылым министрлігіне алғыс білдірді. Ведомстволар мәселені шешуге қолдау көрсеткен.

Айта кетсек, OnlineMektep.org карантин кезеңінде қазақстандық оқушылар білім алатын негізгі ресурс. 

OnlineMektep негізінде 3,5 мыңнан аса мектептің оқу процесі ұйымдастырылған. 1 қыркүйектен бері  платформада күн сайын 1,5 миллионнан аса оқушы сабақ оқиды. 

Оқу жылының басынан бері мұғалімдер платформа ресурстары негізінде 3 миллионнан аса онлайн-сабақ өткізді, 160 миллиондай  парақша  қаралып,  500 миллионға жуық жаттығу орындалды. Платформаны әр секунд сайын бір мезгілде 70 мыңнан 80 мыңға дейін бірегей қолданушылар пайдаланады.

Бұл платформаны Bilim Media Group компаниясы мен «Назарбаев  зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы бірлесе дайындаған. Қазіргі кезде ресурста бірінші тоқсанның оқу бағдарламасын қамтитын 5700 цифрлық сабақ, 140 мың жаттығу жүктелген.

Жаңалықтар
0