Қоғам

Тұрғымбаев полицейлерді міндетті вакцинациялау тізіміне қосуды сұрады

© REUTERS / IMPERIAL COLLEGE LONDON/THOMAS AСотрудник лаборатории набирает в шприц препарат во время испытания вакцины против коронавируса
Сотрудник лаборатории набирает в шприц препарат во время испытания вакцины против коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігі елімізде 2 миллион 798 мың адамға, яғни халықтың 15 процентіне вакцина егіледі деп болжайды

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев коронавирусқа қарсы вакцинациялауға жататын тәуекел тобына полицейлерді қосуды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Полиция қызметкерлері де тәуекел тобы болғандықтан, оларды осы тізімге қосуға бола ма? Олар да дәрігерлер сияқты қашықтан жұмыс істемейді, медицина мекемелерінің маңында жүреді", – деді Тұрғымбаев үкімет отырысында.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы міндетті вакцинациялауға жататын тізімге кімдер енгенін нақтылады.

"Олар созылмалы ауруы бар, 60 жастан асқан адамдар, медицина қызметкерлері мен педагогтар", – деді министр.

Оқи отырыңыз: Қазақстандағы екпе салу туралы шындық - денсаулық министрі жазба жариялады 

Республика бойынша вакцина егілетін адамдардың саны болжаммен 2 миллион 798 мың. Яғни, халықтың 15 проценті.

Цойдың айтуынша, бұл үшін 5 миллион 580 мың доза қажет.

Жаңалықтар
0