Өңірлер

Павлодарда полицейлердің көлігіне түкірген тұрғын жазаланды

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейская машина, архивное фото
Полицейская машина, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот қала тұрғынын әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлімі бойынша айыпты деп таныды

ПАВЛОДАР, 9 қыркүйек – Sputnik. Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында полицейлерді балағаттап, олардың қызметтік көлігіне түкірген тұрғынға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Sputnik Казахстан. 

"2020 жылдың 27 тамызында сағат 21:00 шамасында Я. есімді азамат балағат сөздер айтып, ішкі істер органдары қызметкерлерінің көлігіне түкірген және бұл қылығын видеоға түсірген. Ол қоғамдық тәртіпті және өзге азаматтардың тыныштығын бұзды, осылайша үсақ бұзақылыққа жол берді", - делінген соттың қаулысында. 

Сотта ол кінәсін мойындады, бұл әрекетін мас күйде жасағанын айтты. 

Сот қала тұрғынын әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлімі (Ұсақ бұзақылық) бойынша айыпты деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын кесті. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Оқи отырыңыз: Алматыда лифт батырмаларына әдейі түкіріп кеткен ер адам өз әрекетін түсіндірді

Жаңалықтар
0