Қоғам

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап еңбекақы төлеу жүйесі өзгереді

© Sputnik / Владислав ВодневЗаседание правительства Казахстана
Заседание правительства Казахстана  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық экономика министрінің айтуынша, үкімет мүшелері бірауыздан жақтап дауыс берген жалпыұлттық жоспардың іс-шараларын жүзеге асыруға барлық қажетті ресурс пен тетіктер бар

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Үкімет президенттің 1 қыркүйектегі жолдауын іске асыру үшін жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мемлекет басшысының "Жаңа  жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты жолдауын іске асыру үшін ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын әзірледі.

Ұлттық экономика министр Руслан Дәленовтің айтуынша, жоспар жаңа экономикалық бағдардың 7 негізгі қағидатына негізделген.

Жоба 10 бағыт бойынша 143 шарадан тұрады.

Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі іске қосылады.

Экономикаға мемлекеттің қатысуын азайту жөніндегі шаралар жалғастырылады. Барлығы 10 іс-шара жүзеге аспақ.

Жаңа жағдайдағы экономикалық даму

Бұл бағыттың негізгі басымдығы – өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және қазақстандық үлесті ұлғайту.

Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін дамытуға ерекше назар аударылады.

Елдің көлік-транзит секторын белсенді дамыту жалғасады. Шағын және орта бизнесті, оның ішінде экономиканың зардап шеккен секторларын қолдау және дамытуға ден қою.

Ақша-кредит саясаты маңызды ынталандырушы рөл атқаратын болады.

Салық міндеттемелерін орындауды оңайлату және көлеңкелі экономиканы азайту бойынша жұмыс жүргізіледі.

Теңгерімді аумақтық даму

Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Жаңа жұмыс орындарын құру әлеуетін ескеріп, өндірісті дамыту және өсу нүктелерін қалыптастыру.

Шекара маңындағы аумақтарда отандық тауарларды ілгерілету үшін ынтымақтастық кеңейтіледі.

Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – басты басымдық

Азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алу және емдеу үшін пайдалануға мүмкіндік беріледі.

Арендалық тұрғын үйді дамыту, тұрмысы төмен азаматтарға жалға берілетін баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені қабылданады.

Әлеуметтік және демографиялық саясатты жетілдіру жалғасады.

Қолжетімді әрі сапалы білім

Толыққанды оқу процесін қамтамасыз ету үшін Бірыңғай онлайн білім беру платформасы әзірленеді.

Білім беру жүйесіне білікті кадрлар тартылады, педагог мәртебесі артады.

Елдің ғылыми әлеуетін арттыруға ден қойылады.

Денсаулық сақтау саласын дамыту

Медициналық инфрақұрылымды жаңғыртуға және материалдық-техникалық жарақтандырумен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.

Ауылдық жерлерге қызмет көрсету үшін бастапқы медициналық-санитарлық көмек пен көліктік медицинаны белсенді дамыту жоспарланып отыр.

Медициналық препараттардың отандық өндірісін дамыту жөнінде шаралар қабылданады.

Экология және биологиялық әркелкілікті қорғау

Минералдық шикізат базасын, су шаруашылығын, балық кәсіпшілігін және ұлттық парктерді дамыту жөнінде кешенді шаралар қабылданады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат жетілдіріледі.

"Жасыл өсу" және ұлттық экономиканы терең декарбонизациялау бойынша шаралар қабылданады.

Әділетті мемлекет – азаматтардың мүддесін қорғау жолында

Үш буынды қылмыстық модель құрылып, қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманың тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

Жергілікті полицияның қызметін одан әрі жетілдіру жалғасады.

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметінің ашықтығы және есептілігі артады.

Цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі

Цифрлық теңсіздікті жою және интернетке барынша қол жеткізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданады.

Зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау және төлеу цифрландырылатын болады.

Деректер базасының бірыңғай жүйесі құрылады.

Азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы

Онлайн-петициялардың бірыңғай заңды институты құрылады.

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау өткізіледі.

Мәслихаттар қызметінің ашықтығы артады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мәртебесі мен өкілеттіктері күшейтіледі.

"Жалпыұлттық жоспардың іс-шараларын белгіленген мерзімде уақтылы орындауды қамтамасыз етуге арналған барлық қажетті ресурс пен тетіктер бар", – деді Дәленов үкімет отырысында.

Үкімет мүшелері жалпыұлттық шаралар жоспарының жобасын бірауыздан жақтап дауыс берді.

Жаңалықтар
0