НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында демалыс күндері локдаун сақталады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр қатаң шектеу шараларының арқасында 5 шілдеден бастап төсек-орын тапшылығы азайып, емханалар үйге барып қызмет көрсету форматына ауысқанын атап өтті.
"Оң динамиканы төмендетіп алмау үшін демалыс күндері кейбір шектеу шаралары мен локдаун сақталады", – деді Цой үкімет отырысында.
Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 73 адамда коронавирус диагнозы расталды. Ал 9 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирус жұқтырған 106 498 адам тіркелді.
4 810 науқас ем қабылдап жатыр, 100 042 адам немесе пациенттердің 98 %-і сауығып шықты.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда қандай инфекциялық аурулар тараған кезде карантин жариялануы мүмкін
13 наурыздан бері індеттен 1 646 адам қайтыс болды.