Өңірлер

Алматы полициясы әжейлерге шабуыл жасаған ер адамды ұстады

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуАрхивное фото пожилой женщины
Архивное фото пожилой женщины - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдікті Алматы қаласындағы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек — Sputnik. Алматы полициясы әжейлерге шабуыл жасаған ер адамды ұстады.

39 жастағы ер адам зейнет жасындағы әйелдің мойнындағы алқаны жұлып алып, қашып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Күдікті Ресей тумасы, қылмысты жалғыз өзі жасаған. Ол күндіз бетін медициналық маскамен жауып жүрген. Бұрын спортпен айналысқандықтан, жылдам жүрген. Зергерлік бұйымдарды ломбардқа өткізіп, одан түскен қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсады", - делінген ақпаратта.

Айта кетсек, ұсталған адам бұрын тонау және қарақшылық бойынша сотталған. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 191-бабы ("Tонау") бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ол Алматы қаласындағы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы қаласы криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас төрт қылмыстық эпизодқа қатысы бар екені дәлелденгенін айтты. Зардап шеккендер саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. 

Олар  254-40-42, 8-707-888-11-50, 8-771-456-27-93, 8-771-288-88 -14, 8-708-740-50-60 телефон нөміріне хабраласа алады.

Жаңалықтар
0