Экономика

Тұрғын үй бағасы 30%-ке қымбаттауы мүмкін – сарапшылар болжамы

© Sputnik / Владислав ВодневМногоквартирный жилой комплекс в столице
Многоквартирный жилой комплекс в столице - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сарапшылар бірінші кезекте Қазақстанның астанасында, Алматыда, Ақтау мен Атырауда тұрғын үй нарығында баға өседі деп болжап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Егер қазақстандықтар зейнетақы қорындағы қаражатын жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсайтын болса, нарықта тұрғын үй 30% қымбаттауы мүмкін, деп есептейді "Еуразия" телеарнасына сұхбат берген сарапшылар.

Жиналған ақшаның бір бөлігін алуға мүмкіндігі бар азаматтардың 80%-і тұрғын үй проблемасын шешуге кіріседі, деп болжам жасады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.  

"Тағы 10-15%-і бұл жинақты өзінің немесе жақындары мен балаларының, ата-анасының емделу ақысын төлеуге жұмсайды. 5%-і өз активтерінің табысын арттыру үшін пайдаланады", - деді еңбек министрлігінің департамент директоры Виктория Шегай.

Бүгінгі таңда 721 000 салымшы зейнетақы шоттарынан жинақ ақшасын ала алады – бұл шамамен 1,5 триллион теңге (3,5 миллиард доллар) болады.

Экономистердің пікірінше, қазақстандықтардың бәрі бірдей бірден көп мөлшерде қаражат жұмсауға шешім қабылдамайды, алайда бәрібір жылжымайтын мүлік нарығына әсері қатты білінеді.

Оқи отырыңыз: Экономистер зейнетақы жинағын қай салаларда жұмыс істейтіндер алатынын айтты  

"Егер пәтер бойынша бір келісім орташа есеппен 14 миллион теңге (33 мың доллардан астам) болса, онда 1,4 триллион теңгеге (3,3 миллиард доллар) 100 мыңға жуық пәтер алуға болады. Бұл жылжымайтын мүлік құнының күрт өсуіне әсер етуі ықтимал, ол шамамен 20-30% болуы мүмкін", - деп мәлімдеді экономист Арман Байғанов.

Бірінші кезекте жылжымайтын мүлік бағасы Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау және Атырауда өседі деп болжанып отыр. Басқа қалалардағы бағалар "өзгеріссіз қалса керек".

Кей сарапшылар мұндай болжамдармен келіспейді.

"Нарықта тұрғын үйді сату жөнінде көптеген ұсыныс бар, сонымен қатар жаңа жылжымайтын мүліктер де көп. Карантинге дейін келісім көп болды, қазір салыстырмалы түрде алғанда тыныштық орнады. Жақын арада нарық жанданады, бірақ баға қатты өзгермейді деп ойлаймын. Әрі кетсе 5-10 процент қымбаттауы мүмкін", - деді риелтор Айжан Балташева.  

Жаңалықтар
0