Әлем

Өзбекстан азаматы 1 368 жылға сотталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өзбекстан азаматы Конституцияны бұзғаны және 39 адамды, оның ішінде полиция қызметкерін қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп танылды

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Стамбұлдың Ортакой ауданындағы Reina түнгі клубындағы 39 адамның өліміне кінәлі деп танылған Өзбекстан азаматы Абдулқадыр Машарипов өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Анадолы" ақпарат агенттігі.

"Түркия соты 2017 жылы Ыстамбұлдағы Reina түнгі клубына террорлық шабуыл жасаған Абдулқадыр Машариповты өмір бойына бас бостандығынан айырды", – делінген ақпаратта.

Сот үкіміне сәйкес, сотталушы 1 368 жыл мерзімге, яғни 40 еселенген өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын алды.

Стамбұлдың ауыр қылмыстар соты Өзбекстан азаматы Абдулқадыр Машариповты Конституцияны бұзғаны және 39 адамды, оның ішінде полиция қызметкерін қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп таныды.

Оқи отырыңыз: Алматыда судья сотталды - 45 миллион теңге айыппұл төлейді

Айта кетейік, 2017 жылдың 31 желтоқсанына қараған түні Стамбұлдың Ортакой ауданындағы Reina түнгі клубына Абдулқадыр Машарипов терорлық шабуыл ұйымдастырып, салдарынан 39 адам мерт болған.

Жаңалықтар
0