Қоғам

Балалар дәстүрлі білім беру форматына қашан оралады – министрлік жауабы

© Sputnik / Болат ШайхиновВыпускники школы №77 города Астаны
Выпускники школы №77 города Астаны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министрлік өкілі қазірге кезде бастауыш сынып оқушылары ата-аналар мен 2 969 шағын жинақты мектептің өтініші бойынша қалыпты жағдайда білім алып жатқанын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Дәстүрлі оқытуға көшу қалалар мен облыстардың мемлекеттік бас санитар дәрігерінің шешімінен кейін ғана мүмкін болады, деп мәлімдеді білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

"Санитарлық дәрігерлер білім берудің дәстүрлі форматына біртіндеп көшуге болатындығы туралы хабардар ете салысымен, біз бұл процесті бастаймыз. Ол кезде әр мектептің әкімшілігі тиісті кесте жасайтын болады. Ата-аналар мен балаларды тиісті ақпаратпен дер кезінде қамтамасыз етеміз", – деді ведомствоның баспасөз хатшысы Гаухат Омарбек.

Ата-аналар үндеуіне қатысты түсініктеме берген ведомство өкілі қазір күндізгі форматта білім алып жатқан бастауыш сынып оқушылары ата-аналар мен 2 969 шағын жинақты мектептің өтініші бойынша оқитынын атап өтті.

Айта кетейік, 6 қыркүйекте қазақстандық ата-аналар қауымы президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің атына үндеу жолдаған болатын.

Үндеуде авторлар ел Конституциясының 30-бабына сәйкес, барлық пән бойынша кәсіби мұғалімдердің тікелей, жеке қатысуымен балалардың орта білім алу құқығын толық қамтамасыз етуді талап еткен.

"Мектептегі білім беру ісі тірі және табиғи болуы керек, оның орнын цифрлық суррогат алмастырмауы тиіс. Цифрлық технологияларды тек қосымша әдістер ретінде, бекітілген ережелердің қатаң шектеулі шеңберінде және ерікті түрде ғана пайдалануға болады", – делінген сitizensengo.org платформасында жарияланған үндеуде.

Оқи отырыңыз: Қазақстан жаңартылған білім беру мазмұнына толығымен көшті – БҒМ

Ата-аналар жеке адамның тікелей қатысуымен білім алу тек ауқатты отбасылардың артықшылығына айналғанын, ал төлем жасай алмайтындар бос әуреге түсіп жатқанын атап көрсеткен. Сонымен қатар, қашықтан оқытуға мәжбүрлеу "өркениетті мемлекет құруға қауқарсыз әрі білімсіз буын өкілдерін қалыптастырады" деп санайды.

Жаңалықтар
0