Қоғам

Баланы зорлау бойынша бір адамның үстінен 60 қылмыстық іс қозғалған – бас прокуратура

© Sputnik / Абзал КалиевУголовное дело
Уголовное дело - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ахметжановтың айтуынша, қылмыскердің кінәсі дәлелденіп, жиырма бес жылға бас бостандығынан айырылған

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Биыл балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстар 8 процентке өсіп отыр. Оның өзіндік себептері бар. Мысалы, кәмелеттік жасқа толмаған бір баланы зорлау бойынша 60 қылмыстық іс қозғалған", – деді Ахметжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Прокурордың айтуынша, қылмыстық жәйттер, яғни эпизодттардың саны өскенімен, жәбірленушілердің саны артпаған.

Бір баланы зорлау бойынша 60 қылмыстық істің қалай қозғалғанын түсіндірген бас прокурор орынбасарының сөзіне қарағанда, сотқа дейінгі тергеу кезінде жәбірленушіге қатысты жасалған әрбір жыныстық сипаттағы әрекет бөлек қылмыс ретінде тіркелген.

Оқи отырыңыз: Түркістанда оқушыларды ұрып-соққан жасөспірімнің анасы кешірім сұрады

"Сотқа дейінгі тергеу органдары әрбір жыныстық қатынасты бөлек эпизод ретінде қарастырып, қылмыстық істер қозғаған болатын. Одан кейін барлығын бір өндіріске қосты. Кінәлі адам сотталып, 25 жылға бас бостандығынан айырылды", – деп атап көрсетті Ахметжанов.

Жаңалықтар
0