Қоғам

Алматыда онлайн сабақ кезінде порно қосылып кетті

© Sputnik / Владислав ВодневБала, планшет, қашықтан оқыту
Бала, планшет, қашықтан оқыту - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Білім басқармасы белгісіз біреулер онлайн сабақ кезінде ZOOM платформасын бұзып, порнография қосқанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Алматы тұрғыны Татьяна Голубева Zoom-дағы проблемаға шағымданды. Айтуынша, қашықтан оқыту кезінде бесінші сынып оқушыларына порнография көрсетіліп, былапыт әндер ойнаған. Бұл туралы ол Facebook-те жазды.

"Менің балам бесінші сыныпта оқиды. Қашықтан оқыту. Бейсенбі күні балаларымыз зумнан боғауыз сөздер мен былапыт әндерді тыңдады. Жұма күні оларға порнографиялық видео көрсетілді. Бүгін тағы порнографиялық мазмұндағы видео. Біз, ата-аналар, жағамызды ұстадық. Бұл балаларды азғыру. Бұған кім жауап береді?", - деп ашуланды ол.

Татьяна Голубева білім министрлігіне, қала басшылығы мен санитарлық дәрігерлерге жүгінген.

Алматының білім басқармасы әйелдің жазбасына үн қатты. Ведомство 7 қыркүйекте мектеп директоры Сәуле Айдарованың атына математика мұғалімі Тасылбаевадан баяндау хат келіп түскенін хабарлады. Оқытушының сабағында ZOOM платформасын белгісіз біреулер бұзып, былапыт сөздермен кәмелетке толмағандарға көруге тыйым салынған порнографиялық сипаттағы фото мен видеоны қосқан.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда онлайн сабақта порно көрсетілді: шенеуніктер мән-жайды түсіндірді

"Мектеп директоры тез арада педагогикалық ұжыммен профилактикалық түсіндіру жұмысын жүргізді және Алмалы ауданының полиция басқармасына арызданды. Арыз Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді", - деп мәлімдеді Алматының білім басқармасынан.

Қазір мектеп әкімшілігі бөгде тұлғаларға қолжетімділікті шектейтін, барынша қорғалған білім платформасына ауысу мәселесін қарастырып жатыр.

Еске салсақ, 3 қыркүйекте осыған ұқсас жағдай Нұр-Сұлтанда математика сабағында болды. Белгісіз біреулер трансляцияға қосылып, балаларға әдепсіз бейнероликтер көрсеткен.

Жаңалықтар
0