Қоғам

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 8 адам қайтыс болды

© REUTERS / CIRO DE LUCAМаска таққан қыз
Маска таққан қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірінші тамыздан бүгінге дейін жиырма сегіз мыңға жуық адам пневмонияға шалдықты, 314 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Өткен тәулікте жеті адам коронавирустан, бір адам пневмониядан көз жұмды, деп хабарлайды Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі.

Бір тәулікте 139 адамда пневмония диагнозы расталса, 60 адам коронавирус жұқтырды.

Жалпы 13 наурыздан 7 қыркүйекке дейін індетке шалдыққан барлығы 106 361 науқас тіркелді. 1 634 пациент қайтыс болды.

1 тамыздан бүгінге дейін 27 762 адам пневмонияға шалдықты, 314 адам көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Шымкент қаласы мен төрт облыста коронавирус жұқтырған адам анықталмады

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, қазір коронавирустан 5 073 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 30 бала бар. Стационарларда 2 863  науқас жатыр. 2 210 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Науқастардың арасында 140 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 18 пациенттің хәлі мүшкіл деп бағалануда. 24 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0