Қоғам

Үкіметте жеке тұрғын үй мәселесін шешу жайы талқыланды

© Sputnik / Болат ШайхиновЗдание правительства Казахстана
Здание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Жолдауында әкімдік кезегінде тұрған азаматтардың баспана мәселесін тездетіп шешуді тапсырған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр биылғы жолдаудан кейін жеке тұрғын үй мәселесі қалай шешілетінін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жеке тұрғын үй құрылысына серпін беру үшін 40 мың жер учаскесіне коммуникация тартылады. Сондай-ақ, баспана мәселесін шешу мақсатында әкімдік кезегінде тұрған 100 мыңнан астам адам үшін жеке тұрғын үй қорында арендалық төлемді субсидиялау тетігі болады. Осы шаралар да "Нұрлы жер" мемлекеттік бағадарламасы аясында қолға алынады", - деді Скляр үкімет үйінде өткен онлайн брифингте. 

Айта кетейік, биылғы жолдауда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдік кезегінде тұрған азаматтардың баспана мәселесін тездетіп шешуді тапсырған болатын. Себебі арендалық үйлердің құрылысы баяу жүргізіледі. Президент осы схемаға өзгеріс енгізетін кез келгенін айтты. Енді, қаржыны тек құрылысқа ғана емес, арендалық төлемді субсидиялауға да бағыттау қажет. Бірінші жылы осы шарамен қамту бірден 10 есеге өседі. Осылайша, 100 мыңнан астам отбасы нақты көмек алады. Бұл мәселемен "Отбасы банкі" айналысады. 

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жеке тұрғын үй құрылысын барынша жылдам жүзеге асыру қажеттігін жеткізді. Себебі "жердегі үй табысы төмен азаматтар үшін баспана ғана емес, экономикалық демеу де бола алады". Әсіресе, көпбалалы отбасылар үшін ондай баспананың тиімділігі зор. Президент  осы санаттағы арендалық үйлерді жұмыс берушілердің есебінен салып, кейін олардың шығынын субсидиялауға ұсыныс жасады.

Жаңалықтар
0