Өңірлер

Полицей әйел жалғызбасты әкеге үш баланы тәрбиелеуге көмектесіп жүр – видео

© Sputnik / Абзал КалиевПокупатели в торговом комплексе Magnum Cash & Carry
Покупатели в торговом комплексе Magnum Cash & Carry - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Карантин кезінде Бөркебай Танкаев уақытша жұмыссыз қалған. Сол кезде Меруерт Наурызбаева отбасыға азық-түлік, ақша апарып отырған

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Алматыда полицей әйел үш баланы жалғыз өзі асырап жүрген ер адамға көмектесіп жүр. Оның келіншегі балаларды тастап кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Наурызбай аудандық полиция басқарамасының инспекторы Меруерт Наурызбаева кәмелеттік жасқа толмаған балалар мәселесіне жауап береді. Бір жолы ауданды аралап жүріп көшеде үш баласымен жүрген ер адамды байқапты. Балалардың үсті-басы кір-қожалақ болғаннан кейін жанына барып, жағдайды сұраған. Сөйтсе, ер адам жалғызбасты әке болып шыққан, балаларын өзі тәрбиелейді екен. Себебі әйелі бәрін тастап, үйден кетіп қалған. Ал Бөркебай Танкаев Түркістан облысынан Алматыға жұмыс іздеп келген.

"Мен балаларды қатты аяп кеттім. Тағдырдың жазуымен олар ана махаббатынан айырылды. Әкелері барын салып, ұлдарын жеткізуге тырысып келеді. Менің өз отбасым, балаларым бар. Сол себепті отбасы жылуы мен ананың қолдауы балалар үшін қаншалықты қажет екенін жақсы білемін", - дейді Наурызбаева.  

Бүгінде Бөркебай Танкаев үш баласымен Әуезов ауданына көшіп кетсе де, Меруерт Наурызбаева оларға жиі барып тұрады. Қолда бар көмекті аямайды.

"Балалар жақсы, әдепті, мейірімді болып өсіп келеді. Әкесін қатты жақсы көреді, артық салмақ салмауға тырысады. Өзім жиі сөйлесіп тұрамын, керек кезде психологиялық көмек те көрсетемін"– деп атап өтті Наурызбаева.

Оқи отырыңыз: Бірнеше тіл меңгерген қостанайлық полицей шетел азаматын таңғалдырды 

Карантин кезінде Бөркебай Танкаев уақытша жұмыссыз қалды. Сол кезде Меруерт Наурызбаева азық-түлік те, ақша да апарып отырды. Жақында балалардың мектебіне қажетті заттарды сыйға берді.  

"Әйелім үш баланы тастап, кетіп қалған. Содан Алматыға жұмыс іздеп келдім. Осы жерде Меруерт Наурызбаева деген инспектор келіп, біздің жағдайымызды көріп, көмектесті. Өте үлкен көмек берді. Карантин кезінде азық-түлік әкеліп, ақшалай да көмектесті. Балалардың құжаттарын реттеді. Мектепке кіргізді. Бізге қатты көмектесті. Рақмет, Алла разы болсын! Қазақтың осындай батыр қыздары көп болсын!", - дейді Танкаев.

Жаңалықтар
0