Аңдатпа

Қазақстанда 7 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневНабережная. Нур-Султан.
Набережная. Нур-Султан. - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 7 қыркүйекте болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

7 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

14.30 – ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар кеңсесі барлық мүдделі тараптар үшін "Журналистиканың қақтығыстарға сезімтал тақырыптарды қамту принциптері" вебинарын өткізеді. Вебинардың спикері журналист, медиа-тренер Айнұр Қоскина.

15.00 - Президент жолдауының жүзеге асырылу барысына арналған брифинг өтеді. Спикерлер: премьер-министр орынбасары Роман Скляр, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев. Брифинг трансляциясы онлайн режимде PrimeMinister.kz сайты, Mail.KZ және Aitube.kz порталдары және үкіметтің YouTube Facebook, Twitter, ВКонтакте әлеуметтік желілері мен "Хабар 24" арнасында көрсетіледі.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0