Оқиға

Шығыс Қазақстанда мас жүргізуші төрт баланы қағып кетті

© Photo : Департамент полиции Восточного КазахстанаПьяный водитель насмерть задавил девочку и сбил еще троих детей
Пьяный водитель насмерть задавил девочку и сбил еще троих детей - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында көлікке мас күйінде отырған жүргізуші төрт баланы қағып кетті, салдарынан 10 жасар қыз көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қайғылы оқиға 5 қыркүйек күні кешке болған. Новая Шульба селосында Mitsubishi Chelenger көлігінің 31 жастағы жүргізушісі бұрылмақ болған кезде рөлге ие бола алмай қалып, жол маңында ойнап жүрген 5, 10, 11 және 12 жасар төрт баланы қағып кеткен.

Жол апаты салдарынан  10 жасар қыз қатты зардап шегіп, жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды. Қалған үш бала ауруханаға жеткізілді.  

"Бұл фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлімі "Көлікке мас күйде отырып, жол қозғалысы ережесін бұзудың абайсызда адам өліміне әкелуі" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді ШҚО полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бірқатар сараптама белгіленді, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Қылмыстық кодекстің бұл бабы бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру және 10 жыл рөлге отыруға тыйым салу қарастырылған.

Жаңалықтар
0