Өңірлер

Кішкентай қызға ұятсыз суреттер жіберген Павлодар тұрғыны 6 жылға сотталды

© Sputnik / Владислав ВодневДевочка смотрит в окно
Девочка смотрит в окно - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей тұрғыны қылмыскерді ұстап, жазалаған қазақстандық полиция мен прокуратураға алғыс айтты

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. 2016 жылы Ресей азаматының кәмелеттік жасқа толмаған қызының телефонына белгісіз біреу ұятсыз суреттер жіберген. Әйел бірден полицияға барған. Ресейлік тәртіп сақшылары қаскөйдің Павлодар облысында тұрып жатқанын анықтайды.

Бұл іс бойынша барлық материалды ресейлік полицейлер Қазақстанға жібереді. Қазақстандық тәртіп сақшылары күдіктіні ұстайды. Ол алты жылға сотталды.

Осыған байланысты Ресей азаматы ішкі істер министрі, бас прокурорға хат жазып, осы істі ашқан тергеушілерге кәсіби біліктілігі мен қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін алғысын жеткізген.

Бұдан бөлек, әйел Павлодар ауданының прокурорына да тергеу барысын үнемі бақылауда ұстағаны ризашылығын білдіріпті.

"Осы азаматтардың жұмысының нәтижесінде барлық айғақ жиналып, қаскөй ұсталды", - деп атап көрсетті ресейлік азамат.

Жаңалықтар
0