НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында қосымша гранттар тағайындалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның айтуынша, орталық 15 қазанға дейін тағы 4000-нан астам отбасыны қуантпақ.
"Оларға үкімет қаулысы шыққаннан кейін қосымша гранттар тағайындалады. Педагогикалық ғылымдар, АКТ, инженерлік, өңдеу мен құрылыс салалары, ауыл шаруашылығы және биоресурстар мамандықтары қамтылады!", - деп жазды Смағұлов.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан әкімі студенттер мен магистранттарға грант бөлді
Айта кетейік, Ұлттық тестілеу орталығы барлық бейнежазбаны талдаудан өткізгеннен кейін ҰБТ-да жоғары ұпай алған бес түлектің аты-жөнін жариялаған болатын. Олар:
- Шәмші Ақберен Серғалиқызы – 139 ұпай;
- Әбдіманап Абзал Бауыржанұлы – 138 ұпай;
- Қуаныш Гүлнұр Ердіханқызы – 138 ұпай;
- Бекжігіт Сымбат Амангелдіқызы – 138 ұпай;
- Күлжанова Салтанат Асқарқызы – 138 ұпай.