Экономика

Ұлттық банк бағалы металдардан коллекциялық монеталар шығарды

© Photo : Пресс-служба Национального банка КазахстанаЗдание Национального банка Казахстана
Здание Национального банка Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Номиналы 500 теңгелік "Шығыс күнтізбесі" сериясындағы "Сиыр жылы" коллекциялық монеталары күміс пен алтыннан жасалған

АЛМАТЫ, 4 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан Ұлттық Банкі 4 қыркүйекте номиналы 500 теңгелік алтын мен күмістен жасалған "Сиыр жылы" коллекциялық монеталарын айналымға шығарады. Бұл монеталар "Шығыс күнтізбесі" сериясына кіреді. Олар 8 қыркүйектен бастап сатылымға түседі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Монеталарды Қазақстан Ұлттық Банкінің барлық филиалынан сатып алуға болады, сондай-ақ, интернет-дүкені арқылы да сатылады.

"Монеталардың дизайнында "Шығыс күнтізбесі" субұрқағының (Алматы) мүсіндік композициясының бейнелері пайдаланылды. Мүсіндік композиция авторы –  Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші-монументалист Владимир Твердохлебов, ол  Татаринов және Кацевпен бірлесіп жасады", - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Монеталардың аверсінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символдары және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын көрсететін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" деген жазулар мен күннің стильдендірілген бейнесі және монетаның номиналын көруге болады.

© Photo : Нацбанк Казахстана"Сиыр жылы" коллекциялық монеталары
Ұлттық банк бағалы металдардан коллекциялық монеталар шығарды - Sputnik Қазақстан
"Сиыр жылы" коллекциялық монеталары

Монеталардың реверсінде орталық бөлігінде шығыс күнтізбесі бойынша 2021 жылдың символы – сиыр бейнеленген. Монетаны айналдыра "2021", "ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ", "ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ" және "ORIENTAL CALENDAR" деген жазулар жазылған. Монеталардың ішкі жағында шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан. Алтын және күміс монеталар он екі қырлы және олардың бет және сырт жағындағы бейнелері бірдей.

"Монеталар 999/1000 сынамды алтыннан жасалған, оның массасы – 7,78 грамм, диаметрі – 21,87 мм, дайындау сапасы – "proof", номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 800 дана және массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – "proof", номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 2 000 дана 925/1000 сынамды күмістен жасалған", - делінген хабарламада.

Номиналы 500 теңгелік алтын және күміс монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Номиналы 500 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады. Сонымен қатар банк шоттарына есептеуге және аударым жасауға болады. Қазақстан Республикасының барлық банкінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Алтын және күміс монеталар кәдесый ретінде шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификаты бар.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

 

Жаңалықтар
0