Қоғам

Коронавирус пен пневмония: бір тәулікте 10 адам қайтыс болды

© REUTERS / Anton VaganovСотрудник лаборатории проводит исследования для создания вакцины от коронавируса
Сотрудник лаборатории проводит исследования для создания вакцины от коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пандемия басталғалы коронавирустан 1 612 адам қайтыс болды. Коронавирус белгілері бар пневмониядан 305 адам көз жұмды

АЛМАТЫ, 4 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда 3 қыркүйекте коронавирус пен пневмониядан 10 адам қайтыс болды, деп хабарлады Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі.

Бір тәулікте алты адам коронавирустан, төрт адам пневмониядан көз жұмды.

Өткен тәулікте 89 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 481 адамнан табылды. Бірінші тамыздан бастап 26 803 адамға коронавирустық пневмония диагнозы қойылды.

Наурыздан бері республикада індетке шалдыққандар саны 106 121 адамға жетті.  Ал пандемия басталғалы коронавирустан 1 612 адам қайтыс болды. Коронавирус белгілері бар пневмониядан 305 адам көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Коронавирус пен тұмау: денсаулық министрлігі күзде не болатынын болжады

Жаңалықтар
0