НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әртүрлі жастағы адамдар үшін жеткіліктілік шегінің мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға 2021 жылдан бастап рұқсат етіледі.
Зейнетақы шотындағы ақшаны алу үшін салымшының жинағы жеткіліктілік шегінен асуы керек.
Еңбек министрлігі әртүрлі жастағы адамдар үшін жеткіліктілік шегі қанша болуы керек екенін көрсетті.
© Photo : Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Facebook парақшасынанЖеткіліктілік шегінің мөлшері
Жеткіліктілік шегінің мөлшері
© Photo : Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Facebook парақшасынан
Кімдер пайдаланады
- Зейнетақы жинағы бар еңбекке жарамды жастағы азаматтар – 529, 7 мың адам;
- БЖЗҚ-да жинағы бар зейнеткерлер – 178,4 мың адам;
- Зейнетақы аннуитетін рәсімдеген қазақстандықтар – 13,3 мың адам.
Ақшаны қандай мақсатта жұмсауға болады
- баспана (жаңа және қолданыстағы үйлерден) немесе жер учаскесін сатып алу;
- ипотеканы қайта қаржыландыру немесе өтеу (кез келген екінші деңгейлі банкте, кез келген бағдарлама бойынша);
- жеке тұрғын үй салу немесе жөндеу;
- тұрғын үй жағдайын жақсартудың басқа нұсқалары.