Экономика

Энергетика министрі Тоқаевқа мұнай өндірісін арттыратын жобалар туралы айтты

© Sputnik / Борис Бабанов / Медиабанкке өтуМесторождение Тенгиз
Месторождение Тенгиз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2025 жылға дейін жалпы сомасы 15 миллиард АҚШ доллары болатын жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.   

Президент министрліктің 7 айдағы жұмысының қорытындылары мен елдің отын-энергетика кешенін дамыту перспективалары туралы есебін тыңдады.

Нұрлан Ноғаев мемлекет басшысына болашақта Теңіз кенішін кеңейту мен ернеулік қысымды басқару жөніндегі жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады. Бұл жобалар 2022 жылдың соңына дейін мұнай өндірісін 12 миллион тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Жарты жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім төмендеді - Дәленов 

Сондай ақ президентке 2025 жылға дейін мұнайгазхимия саласында жалпы сомасы 15 миллиард АҚШ доллары болатын жобалар жүзеге асыру жоспарланғаны туралы ақпарат берілді.

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері қуаттылығы 432,05 МВттық жаңартылатын қуат көздерінің 15 нысаны іске қосылған. Жыл соңына дейін тағы 260 МВт жаңартылатын қуат көздерінің нысандары пайдалануға берілмек.

Нұрлан Ноғаев 1 қыркүйектен бастап саланы цифрландыру бағдарламасы аясында қазба байлықтарды пайдалану құқығы бойынша аукциондарды электронды форматта өткізу жоспарланып отырғанына тоқталды. Бұл конкурстық үдерістердің ашық жүруін қамтамасыз етіп, кәсіпкерлердің шығындарын азайтады.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы энергетика саласын дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Жаңалықтар
0