АЛМАТЫ, 4 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 6 қыркүйекте қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.
"Жексенбіде қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Бұл күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі", - делінген әкімдік ақпаратында.
5 қыркүйекте қоғамдық көлік сағат 23:00-ге дейін жүреді.
Дүйсенбіден бастап, 7 қыркүйекте қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қалыпты жұмыс істейді.
Айта кетейік, қоғамдық көлікке медициналық бетперде тағып кіру керек. Жол ақысы тек электронды түрде төленеді.
Тағы оқыңыз: Алматылық бойжеткеннің біртүрлі әрекеті желіде қызу талқыланды - видео