Өңірлер

Алматыда 5-6 қыркүйекте карантин күшейтіледі

© Sputnik / Абзал КалиевПосетители закупаются продуктами перед "карантинными выходными" в торговой сети
Посетители закупаются продуктами перед карантинными выходными в торговой сети - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қалада демалыс күндері қоғамдық көлік пен метро жүрмейді, сауда үйлері, шаштараз, азық-түлік сататын жабық базарлар жабылады

АЛМАТЫ, 4 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласында демалыс күндері қоғамдық көлік жұмысы тоқтайды, сауда үйлері мен сауда ойын-сауық орталықтары жабық болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің №59 қаулысында айтылды. Қаулыда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері бірқатар шектеу шаралары енгізілетіні көрсетілген.

5-6 қыркүйекте жұмысы тоқтайтын нысандар:

  • сауда ойын-сауық орталықтары (ішіндегі азық-түлік супермаркеті мен дәріханалар жұмыс істейді), сауда үйлері, сауда желілері;
  • азық-түлік сатпайтын және азық-түлік сататын жабық базарлар;
  • сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтар және косметологиялық қызмет көрсететін нысандар;
  • фитнес-орталықтар мен спорт сауықтыру орталықтары, бассейн, жаттығу залдары және спорт кешендері;
  • сауналар;
  • ашық ауадағы аттракциондар.

Сондай-ақ, қалада демалыс күндері қоғамдық көлік пен метро жүрмейді.

Бұған дейін қаланың бас санитар дәрігері жұқпалы аурудың қоғамдық көлік арқылы көп тарайтынын айтты. Сонымен қатар Алматы – Ұзынағаш, Алматы – Қаскелең бағытындағы электр  пойыздары демалысқа қарамай қатынайтынын айтқан болатын.

Алматыда қоғамдық көлік 7 қыркүйек сағат 6.00-де қайта жүреді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирустық пневмонияға шалдыққандар саны күрт өсті

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда 6 қыркүйекте қоғамдық көлік тоқтайды. Ол күні автобустар мен автопарктерде дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.

Жаңалықтар
0