Спикерлер: премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов.
1 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" деген тақырыппен халыққа жолдау жасады.
Мемлекет басшысы басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, жаңа жағдайдағы экономика, өнеркәсіптік потенциал, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес, көлік-логистика кешені, қаржы саласын дамыту және қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты бірқатар ұсыныс айтты.
Үкімет президент жолдауын жүзеге асыру жоспарын 7 қыркүйекке дейін әзірлейді. Бұл туралы 2 қыркүйекте өткен отырыста премьер-министр Асқар Мамин айтты.