АЛМАТЫ, 3 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 571 адамға COVID-19 белгісі бар пневмония диагнозы қойылды. Бір күн бұрын коронавирустық пневмония 27 адамнан табылған болатын. Бұл туралы Covid-19 инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Комиссия ақпаратына сәйкес, 2 қыркүйекте коронавирустық пневмониядан 6 адам көз жұмып, 79 науқас емделіп шыққан.
1 тамыздан бері барлығы 26 322 адам ауырды, 301 науқас көз жұмды. Жазылып шыққандар саны - 5 773.
Айта кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі бір күнде коронавирустық пневмонияға шалдыққандар санының күрт өсуін түсіндірді. Министрліктің ресми өкілінің айтуынша, демалыс күндері адамдар емхана бармайды. Ал дүйсенбі-сейсенбі күндері дәрігер қарауына баратындар саны артады. Содан коронавирустық пневмония анықталатын адамдар бір күнде күрт көбейіп отырады.
Тағы оқыңыз: Коронавирус пен пневмония: мыңдаған адамның өлімі статистикаға неге енгізілмеді