НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Өткен тәулікте республикада коронавирус пен пневмониядан он екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі.
Бір тәулікте 6 адам коронавирустан, ал 6 адам пневмониядан қайтыс болған.
88 адамда коронавирус диагнозы расталды, 571 науқас пневмонияға шалдықты.
Наурыздан бері республикада індетке шалдыққандар саны 106 032 адамға жетті. 1606 пациент көз жұмды.
Тағы оқыңыз: Өткен тәулікте үш өңірде бірде-бір адам коронавирус жұқтырмады
Ал бірінші тамыздан бастап 26 322 адам пневмониямен ауырған. 301 науқас қайтыс болды.
3 қыркүйектегі ақпарат бойынша, коронавирустан 6 459 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 34 бала бар. Стационарларда 3 196 науқас, ал амбулаториялық жағдайда 3 263 адам ем алуда.
Науқастардың арасында 171 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 19-ның хәлі мүшкіл деп бағалануда. 28 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.