Оқиға

Нұр-Сұлтанда қымбат телефонды ұрлап кеткен оқушының әрекеті видеоға түсіп қалды

© Photo : pixabay.comТелефон в руках подростка, иллюстративное фото
Телефон в руках подростка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер ұсталған жасөспірімнің осы кезге дейін де бөтеннің мүлкін ұрлап, үйінен бірнеше рет қашып кеткенін анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүкті әйелден қымбат смартфон ұрлады деген күдікпен 17 жасар мектеп оқушысын ұстады, деп хабарлайды елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлердің айтуынша, оқиға Ботаникалық бақ аумағында болған. Жасөспірім жүкті әйелден телефон сұрағанында, ол анасына қоңырау соғады деп ойлаған. Оқушыға көмектесу ниетімен әйел iPhone 11 телефонын ұсынғанда, бозбала смартфонды алып қаша жөнелген. 

Көп уақыт өтпей-ақ, құқық қорғау органдарының өкілдері жасөспірімді көшедегі бейнебақылау камераларының көмегімен ұстаған.

"Полицейлер бақылау камераларының жазбасынан шағымданушы айтқан белгілерге ұқсас жас жігітті байқады. Оқиға орнына келгенде оны бірден ұстады. Алайда, жасөспірім телефоннан құтылу мақсатында оны жол жиегіне лақтырып жіберген сәті де камераға анық түсіп қалған", – дейді полиция департаментінің қызметкерлері.

Тексере келе, ұсталған жасөспірім ювеналды полиция бөлімінде есепте тұратыны анықталды. Ол бірнеше рет үйінен қашып кетіп, осы кезге дейін де бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысқан.

Қазіргі кезде құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша тергеу жүргізуде.

Оқи отырыңыз: Ел-жұртқа масқара болған полицейлерді ішкі істер министрлігі іздеп жатыр – видео

Жаңалықтар
0