Өңірлер

Бекшин көп реттік маскаға айыппұл салу жайлы сұраққа жауап берді

© Sputnik / Абзал КалиевМужчина в маске приобретает лекарства в аптеке
Мужчина в маске приобретает лекарства в аптеке - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір реттік маска гигиеналық жағынан тиімді, себебі оны 2-3 сағат сайын ауыстырып отырады, деп түсіндірді Алматының бас санитар дәрігері  

АЛМАТЫ, 3 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласының бас санитар дәрігері бір реттік және бірнеше рет қолдануға болатын медициналық бетпердені тағуға байланысты нақты талаптың жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Медициналық бетпердеге келер болсақ, бір реттік немесе көп реттік масканы тағуды әр азамат өзі шешеді. Біз оған нұсқау бере алмаймыз. Ең бастысы – оны уақытында ауыстырып тұру, бетпердені дұрыс тағу. Бетпердеге қарап бір реттік немесе бірнеше рет қолданылатынын ажырата алмаймыз, ол үшін сараптама қажет болады", - деді Бекшин.

Көп реттік масканың зауытта жасалғаны бар, кей жағдайда қолдан тігіледі. Қаланың бас санитар дәрігерінің айтуынша, бір реттік маска гигиеналық жағынан тиімді, себебі оны 2-3 сағат сайын ауыстырып отырады.

"Бізде бір реттік немесе бірнеше рет тағуға болатын масканы пайдалану туралы талап жоқ. Алайда бір реттік гигиеналық жағынан жақсырақ, сол себепті дәрігерлер бір реттік бетперде тағуды ұсынады. Егер оны 2-3 сағат ауыстырып отыратын болса, ол адамды коронавирус инфекциясынан қорғайды", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Бес жасқа дейінгі балаларға маска тақпауға рұқсат етілді 

Сонымен қатар Жандарбек Бекшин қалада коронавирус инфекциясына қатысты жағдайдың тұрақталғанын айтты.

"Ауруды жұқтыру көрсеткіші екі есе төмендеді. Індеттің күнделікті өсімі шілдемен салыстырғанда 35 есе төмендеді. Соған сәйкес, қала ауруханаларындағы төсек-орындардың 85%-і босады", - деп түйіндеді қаланың бас санитар дәрігері.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның көп реттік маска таққаны үшін айыппұл салынғанын айтқан видеосы тарады. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда көп реттік бетперде тағуға қатысты ешқандай тыйым салынбағанын мәлімдеді.

"Матадан тігілген бетпердені қолдануға болады. Матадан тігілген көп реттік масканы пайдалануға тыйым салынбаған", - деді министрліктің ресми өкілі.

Жаңалықтар
0