Әлем

"Қолдағы қарумен үйге тарасты": АҚШ-тың Ирактағы операциясының жеңісі мен қателігі

© AP Photo / Qassim Abdul-ZahraВоенные на месте обстрела военной базы США Эйн-аль-Асад в Ираке
Военные на месте обстрела военной базы США Эйн-аль-Асад в Ираке - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Экстремистер бомбаларды жаруды, бейбіт тұрғындарға шабуыл жасауды және араздықты өршітуді жалғастыра бермек, - деп Барак Обама Ирактағы әскери операция аяқталғанын жариялаған кезде ескерткен еді. Коалиция елдегі миссиясын аяқтап, үйге оралатын уақыт келді

Содан бері он жыл өтті, бірақ америкалықтар әлі де Бағдадта жүр, деп жазады РИА Новости.

"Дәл осы сағаттарда коалициялық әскер Иракты қарусыздандыру, оның халқын босату және әлемді үлкен қауіптен құтқару үшін әскери операцияны бастағалы отыр". 2003 жылдың 19 наурызында президент Джордж Буштың осы сөздерімен АҚШ Иракқа басып кірді.

Бір жарым сағат өткеннен кейін Парсы бұғазынан алғашқы нысандарға оқ жаудырып, коалиция Кувейтпен шекарада шабуылға көшті.

Военнослужащие США. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
АҚШ әскері Еуропаның шығысында неге дайындалып жатыр?
Америка Құрама Штаттары үшін бұл 2001 жылғы 11 қыркүйектегі шабуылдардан кейін жарияланған халықаралық терроризмге қарсы тағы бір қадам есебінде болды. Әл-Каида* содырлары сол күні шамамен 3000 адамды өлтірді. Джордж Буш өз халқына кінәлілер жазаланады деп уәде берді. Ауғанстандағы соғыс "нөмірі бірінші террорист" - Усама бен Ладенді тұтқындауға алып келмеді. Бірақ америкалықтар өз назарын басқа көшбасшы - Саддам Хусейнге ауыстырды. Олар барлау мәліметтері бойынша (кейінірек белгілі болғандай, бұл сенімсіз дереккөз болған) Хусейн террористерге демеу көрсетті деп айып тақты.

Ирактағы жаңа науқанға америкалық қоғамды алдын ала дайындады. 2002 жылдың қаңтарында Джордж Буш БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінде сөз сөйлеп, Хусейн қарусызданбаса, соғыс болуы ықтимал дегенді айтты.

Конгресс көп ұзамай Иракқа қарсы күш қолдану туралы резолюциға қол қою үшін президентке ұсынып, сенат осы бағыттағы шығындарды рекордтық 37,5 млрд доллар деңгейіне дейін ұлғайтуды мақұлдады.

2003 жылдың қаңтарында Буш АҚШ барлау қызметінде Саддам Хусейннің жаппай қырып-жоятын қаруды, атап айтқанда, сібір жарасы спораларын жасырып отырғаны туралы дәлелдемелердің бар екенін хабарлады. Алайда, ақырында Иракта 1980 жылдардан қалған әрі ірі көлемде зиян келтіруге жарамсыз химиялық қарулар табылғанымен, Буш мәлімдемесі "Ирак бостандығы" операциясын бастауға ресми себеп болды.

"Зұлымдықпен келгендер, Құдайдың, отан мен адамзаттың жауы, олар ақымақтық жасап, біздің елге және халқымызға шабуыл жасады". Ирак радиосы америкалықтар басып кірген күні осындай мәлімдеме жасады. Саддам Хусейн көп ұзамай қашып кетті де, кейінірек адамдарға аудио жазбалар арқылы үндеу жасап отырды.

Британия мен АҚШ әскерлері ирактықтарға қарағанда әлдеқайда қуатты болды. Бірнеше аптаның ішінде коалицияның қысымымен Басра, Кербела, Киркук, Мосул, 14 сәуірде Ирактың қашқын көсемі туған қала Тикрит жеңіліс тапты. Операцияның белсенді кезеңі 26 күнге созылды да, 2003 жылдың 1 мамырында барлығы аяқталды. Саддам Хусейнді оккупациялау мен ізіне түсудің ұзақ процесі басталды.

Рамзан Қадыров - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Рамзан Қадыров Иракта алты қазақстандықтың құтқарылғанын хабарлады
Оны тоғыз айдан кейін "Қызыл таң" миссиясы барысында қолға түсірді. Ұйпа-тұйпасы шыққан әрі оң-солын танымай тұрған Хусейнді Тикрит маңындағы жасырын орнынан алып шығып жатқан кездегі кадрлар бүкіл әлемге таралды. Оның қолында оқталмаған тапанша мен ішінде 750 мың доллары бар чемодан болды. Айта кету керек, тапаншаны кейіннен Джордж Буш олжа ретінде сақтап қойды.

Екі жыл өткен соң экс-президентті дарға асу арқылы өлім жазасына кесті. Бірақ, соғыс мұнымен аяқталған жоқ. Иракты дінаралық зорлық-зомбылықтар толқыны басып қалды.

"Ирак - бұл аймақтағы ең күрделі елдердің бірі. Америкалықтар конфессияаралық сипаттағы ғана емес, сонымен қатар, "өркениетті қала" деңгейінде және Ирак қоғамының тайпалық бөлігі болып табылатын шөлейт аймағындағы көптеген мәселені қоздырды", - дейді Ресей Халықаралық істер жөніндегі кеңестің бағдарламалық директоры Руслан Мамедов. – Проблемалардың бір қабатына екіншісі келіп жабысып, нәтижесінде, АҚШ басқыншылығынан кейін өзі төтеп бере алмайтын көптеген қиындыққа тап болған әрі құрылымы бей-берекет мемлекеттік қалыптасты".

Біршама тыныштықтан кейін 2004 жылы Саддам Хусейн билік басында болған кездегі сүнниттер азшылығының шейіттік күрдтер көпшілігімен қақтығысы шиеленісе түсті.

Бір жыл өткен соң 50 жылда алғаш рет көппартиялық парламент сайлауы өтті. Ия, ол үшін учаскелер жанына снайперлерді қоюға тура келді. Бірақ, сүнниттер сайлауға бойкот жариялады. Әйтсе де, жаңа конституцияны ұсынатын ауыспалы үкіметті қалыптастыру мүмкін болды.

Бұл процесс шейіттер, күрдтер мен сүнниттер арасындағы қайшылықтарға байланысты тоқтап қалды. Сүнниттер елдің федеративті құрылымына, "Баас" партиясының жойылуына, жалпы, көп жағдайда шейіттер мен күрдтердің мүдделеріне көбірек сәйкес келетін басқа мәселелерге қатысты қарсылық білдірді. Бірақ, соған қарамастан конституция қабылданып, жаңа парламент құрылды. Алайда, бұл елді зорлық-зомбылықтан құтқара алмады.

Истребитель армии США F-16 на военной базе в Баладе, Ирак, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Иракта болған соғыстың әлемге қандай әсері тиді
Елдің саяси элитасының негізгі бөлігі, оның ішінде Саддам Хусейн құрамына кіретін сүнниттер биліктен бас тартқысы келмеді. "Жаңа саяси элита, шын мәнінде, АҚШ қолшоқпарлары еді. Олардың әкелері мен аталары 1958 жылға дейінгі монархия кезінде маңызды қызметтерді атқарып келген. Олардың қоғаммен еш байланысы болған жоқ", - деп түсіндіреді Мамедов.

Қантөгіс жалғасып, бейбіт тұрғындар қаза тауып, елден қаша бастады. 2007 жылы Буш Иракқа тағы 21,5 мың әскер жіберіп, "Үлкен толқын" деп аталатын стратегияны қайта қарады. Ол конфессияаралық қақтығысты басып жаншиды деп болжанғанмен, бұл жоспардан ештеңе шықпады. Нәтижесінде, Бағдадтың ең қорғалатын ауданы "жасыл аймақ" қауіпсіз болмай қалды. Америкалық реттеу операциялары күмән тудырды.

Ақ үйге Барак Обама келгеннен кейін америкалық әскерлерді Ирактан шығару туралы шешім қабылданды. 2010 жылдың жазына қарай 90 мың сарбаз Отанына оралды. Иракта шамамен 50 мың әскери қалды. 31 тамызда Обама халыққа үндеу жасап, АҚШ-тың Ирактағы әскери операциясының толық тоқтағанын мәлімдеді.

Руслан Мамедовтың пікірінше, Америка Құрама Штаттары Иракта мемлекеттілік пен қауіпсіздік институттарын құруға тырысуының нәтижелі болуы мүмкін емес: "Бұл құрылымдар сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерге жауап беруге дайын болмады. Америкалық науқан мен Ирактағы сайлау аяқталғаннан кейін сол кездегі премьер-министр Нури Әл-Маликаның билікті орталықтандыру бойынша қатыгез қадамдарға баруы таң қалдырмайды. Ол өз дегеніне көнбеген саясаткерлерді қудалап, оларды терроризммен айналысқан деп айыптады. АҚШ елден кеткен соң, оны ештеңе тоқтата алмады. Соның салдарынан Ирак қоғамының маңызды бөлігі, атап айтқанда, сүнниттер дүбәраға айналды".

Алайда, Вашингтон бір нәрсені қадағалаусыз қалдырды. Ол – америкалықтарға радикалды топтармен күресуге көмектесен сүнниттік жасақ әскерлер. "Жас азаматтар қару-жарақтарын көтерген күйі үйлеріне тарасты. Бұл топтар жалпы қауіпсіздік жүйесіне кірмеді, олар жалақысыз қалды және олардың көшбасшылары қудалауда болатын", - дейді Мамедов.

Сүнниттердің осындай қиын жағдайда қалуы радикалды идеяларды таратуға алып келді. "2014 жылы барлығы шок күйде болды: "Ислам мемлекеті"* елдің солтүстік-батысын басып алып, ирактық билік мемлекеттің жарты аумағында өз бақылауынан айырылды", - дейді Мамедов.

Ирак ИМ*-ны жеңді, оның ішінде, америкалықтардың қайтуының арқасында. Бірақ, сарапшы пікірінше, жалпы АҚШ операциясын сәтті деп айту – асыра сілтеу.

Военнослужащие Афганистана на учениях - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ауғанстандағы шиеленіс: талибтерге қарсы соғыс жарияланды
Соғыс кезінде барлығы қанша ирактық қаза тапқаны белгісіз. Америкалық БАҚ мәліметі бойынша, 100-ден 300 мыңға дейін жетеді. ДСҰ алғашқы үш жылдың өзінде 150-223 мың адам көз жұмғанын мәлімдеді. Тіпті, статистика 700 мыңға дейін жеткен ақпараттар да бар.

Ал, америкалықтардың шығыны әлдеқайда аз болды – 4,5 мың сарбаз қаза тауып, 30 мыңға жуығы жараланды. Ирактағы операцияларға жалпы 1,5 млн АҚШ азаматы аттанған.

РҒА ӘЛХҚИ солтүстік америкалық зерттеулер бағдарламасының жетекшісі Виктория Журавлева АҚШ-та бұл миссияның мақсатқа сай тиімділігіне қатысты бірыңғай пікір жоқ екенін атап көрсетті: " Хусейннің "Әл-Каидамен"* қарым-қатынасы мен жаппай қырып-жою қаруының жоқтығына қарамастан, Республикалық партия бұл миссияны дұрыс деп санады. Олардың ойынша, кімде-кім 11 қыркүйектегідей теракт жасауды ойға алса, ақыры осы болатынын көрсету керек болды. Яғни, кек қайтару науқаны сәтті өтті".

Ал қоғамда Ирактағы операцияны аса қажетті емес және шектен тыс деп санайды.

"Әрине, державалық ұстанымға қолдау көрсететіндер баршылық. Олар АҚШ үнемі көшбасшы болуы керек деп санайды. Бірақ, мұндай операциялар тым ұзаққа созылып, шығындар ауқымды болса, оған қарсылық білдіретіндер арта түседі. Сондықтан, мейлінше қысқа мерзімді науқандарға қолдау көрсетілуде", - дейді Журавлева.

Барак Обама мен Дональд Трамптың берген уәделеріне қарамастан, америкалықтар әлі Бағдадта қалып отыр. Ирак Вашингтон үшін маңызды. Бұл ел әлі де америкалық-ирандық конфронтацияның тұтқыны. Ақ үй Ирак есігін ашық күйде қалдырып отыр.

*Қазақстанда және бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым

Жаңалықтар
0