Қоғам

Төрт жүзге тарта жалған банкнот қазақстандықтардың қолында айналымда болған

© Sputnik / Владислав ВодневТенге, деньги
Тенге, деньги - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көбіне 2 мың және 5 мың теңгелік қағаз ақшалар қолдан жасалады. Жыл басынан бері қолдан жасалған банкноттың саны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,9%-ке азайды

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда 2020 жылдың жеті айында 1,2 миллион теңге болатын 381 жалған банкнот анықталды. Жалған ақшаның саны екі есеге жуық қысқарды, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық банкі.

Бұл кезеңде жалған монета табылған жоқ.

"Қазақстанда 2020 жылы көбінесе 2 мың (41,47%) және 5 мың теңгелік (31,5%) банкноттар қолдан жасалған", - деді Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаменті банкноттар мен монеталарды сараптау басқармасының бастығы Асхат Әбішев.

Оқи отырыңыз: Ерлі-зайыптылар шашқа арналған лак пен фенді пайдаланып жалған ақша жасаған  

Жыл басынан бері қолдан жасалған ақша белгілерінің саны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,9%-ке азайды. Өткен жылы 718 жалған банкнот пен алты монета анықталған.

Жалған банкноттардың көпшілігі Алматы қаласында анықталды – 243 жалған банкнот (63,78%).

Еске сала кетейік, жалған банкноттар және монеталарды жасаған немесе өткізу мақсатында сақтаған тұлғаларға Қазақстан Қылмыстық кодексінің 231-бабына сәйкес 5 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0