Саясат

Мемлекет басшысының бірқатар жарлығы жарияланды

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлықтарымен бірқатар елші қызметінен босатылып, жаңа елшілер тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығымен бірқатар елші тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Арман Исағалиев Қазақстанның Қатар мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі болды. Ол Қазақстанның Мысыр, Алжир және Тунистеі елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Ал Қазақстанның Египет Араб республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне Қайрат Лама Шариф тағайындалды.

"Үндістандағы елші Ерлан Әлімбаев Шри-Ланка, Бангладеш, Непал, Бутан Корольдігі, Мальдивтер республикасындағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқаратын болады", - деп жазылған құжатта.

Қазақстанның Венгриядағы төтенше және өкілетті елшісі Жәнібек Әбдрашов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Қазақстанның Қатар мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі Асқар Шоқыбаев пен Кувейттегі Қазақстан елшісі болған Дәулет Ембердиев қызметінен босатылды. 

Тағы оқыңыз: Тоқаев Мусинді цифрлық даму министрі қызметіне тағайындады

Жаңалықтар
0