НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Ресми мәліметке сәйкес, бір тәулікте 6 адам коронавирустан, 3 адам пневмониядан көз жұмды.
"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 6 973 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 29 бала бар. Стационарларда 3 527 науқас жатыр. 3 446 адам амбулаториялық жағдайда емделуде", - деп хабарлады министрлік.
Науқастардың арасында 195 адамның хәлі нашар. Соның ішінде 30 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 40 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Қазақстанда өткен тәулікте 472 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан.
Жалпы, наурыздан бері 105 944 адам коронавирустық инфекция жұқтырып, 1 600 адам қайтыс болды.
Ал 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмонияға 25 751 адам шалдығып, 295 науқас көз жұмды.