Саясат

Тоқаев Ақордадағы кеңесте алдағы өзгерістердің басты мақсатын айтты

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев принял участие в международной конференции, посвященной 25-летию Конституции Казахстана
Касым-Жомарт Токаев принял участие в международной конференции, посвященной 25-летию Конституции Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы алдағы өзгерістердің басты мақсаты заң үстемдігін, әділеттілікті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті  

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылған құқық қорғау саласы мен сот жүйесін реформалауды жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысының айтуынша, алдағы өзгерістердің басты мақсаты – заң үстемдігін, әділеттілікті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жиында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етудің үш буынды моделін құру және құқық қорғау органдары мен сот жүйесі өкілеттіліктерінің ара-жігін ажырату мәселелеріне басымдық берілді. Президент аталған жүйе заңдылық пен әділеттілікті қалыптастыру механизмінің кепілі болуға тиіс екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Президент жолдауының толық мәтіні жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" жолдауындағы міндеттерді жүзеге асырудың негізгі бағыттарын белгілеп, құқық қорғау органдары басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Кеңеске президент әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов, президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов, президенттің көмекшісі Ерлан Қарин, қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қатысты. 

Жаңалықтар
0