Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.
3 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
11.00 – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ даму стратегиясы" тақырыбында онлайн брифинг. Спикер – "Самұрық-Қазына" қорының стратегиялық даму жөніндегі басқарушы директоры Ләззат Боранқұлова. Тіркелу үшін press@sk.kz электронлы поштасы немесе +7 700 545 02 01.
11.00 – Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг. Спикерлер: премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов. Брифинг онлайн режимінде PrimeMinister.kz сайтында, YouTube-тің ресми арнасында, Facebook, Twitter, ВКонтакте әлеуметтік желісінде және Хабар24 телеарнасында көрсетіледі.
11.00 – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында "Шомылу маусымын жабу" тақырыбында брифинг. Спикер – қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Бауыржан Сыздықов. Онлайн-конференция әкімдіктің Facebook-тегі ресми парақшасында көрсетіледі.
14:00 (Нұр-Сұлтан уақытымен) – Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Мәскеу – Ереван – Минск – Нұр-Сұлтан қаласынан онлайн-бейнекөпір форматында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Виктормен Назаренкомен кездесу. Тақырып – импортталатын өнімдердің қауіпсіздігін бақылау тетіктерін жетілдіру мәселелері. Біз БАҚ өкілдерін Sputnik Қазақстан сайтының Facebook парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін онлайн-кездесуге қатысуға шақырамыз. Сұрақтарды мына мекен-жайға жіберуге болады: a.nurgazinova@sputniknews.com, тел +7 (747) 2207401 (WhatsApp), Айжан Нұрғазинова.
17.00 – "Жеңіс диктанты" акциясы. Бұқаралық іс-шараларға тыйым салынған елдерде бұл акция диктантпобеды.рф веб-сайтында қолжетімді. Қолданушылар 3 қыркүйектен бастап Мәскеу уақытымен сағат 14.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты 17.00) бір ай бойы тест тапсыруына болады. Қосымша ақпарат алу үшін Россотрудничество өкілдіктеріне хабарласыңыз – толық мәлімет пен байланыс деректері rs.gov.ru сайтында.
4 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
09.30 – "Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды алдын алудың тиімді шаралары" жобасы бойынша қорытынды дөңгелек үстел. Нидерланды Корольдігі елшілігінің қаржылық қолдауымен Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді құралдарды әзірленді. Спикерлер тізіміне: Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Андре Карстенс, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі республикалық арнайы мониторингтік тобының төрағасы Айгүл Соловьева, Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті Зәуреш Батталова және басқалар кіреді.
16.00 – SputnikPro білім беру жобасының "Дәстүрлі БАҚ Беларуссиядағы Telegram оқиғаларынан қалай ұтылды" тақырыбында онлайн сессиясы. Мастер-класста ХХ ғасырдағы Ресей тарихы бойынша жиырмадан астам кітаптың авторы және Sputnik таяу шет елдер мен Балтық жағалауы елдеріндегі мультимедиялық орталықтар дирекциясының радиоконтент өндірісі бөлімінің басшысы Армен Гаспарян дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары Беларуссиядағы оқиғаларға неге дайын болмағаны және осыдан нені түсіну керек екендігі туралы әңгімелейді. Telegram-төңкеріс. Модульге қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелуге болады.
7 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
14.30 – ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар кеңсесі барлық мүдделі тараптар үшін "Журналистиканың қақтығыстарға сезімтал тақырыптарды қамту принциптері" вебинарын өткізеді. Вебинардың спикері журналист, медиа-тренер Айнур Коскина.
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.