Елорда тынысы

Елордаға екі облыстың фермерлері 800 тоннадан астам өнім әкеледі

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуХан Шатыр
Хан Шатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Түркістан облысының диқандары 447,2 тонна, Алматы облысының шаруалары 370,4 тонна ауыл шаруашылығы өнімін жеткізеді

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. 5 және 6 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласына екі облыстың фермерлері 800 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін әкеледі. Жәрмеңкеде баға нарықтан 15-20 процентке арзан болады.

5-6 қыркүйек күндері аралығында "Хан-Шатыр" сауда ойын-сауық орталығының жанында Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі.

"Жәрмеңкеде Түркістан облысы шаруалары мен диқандары 447,2 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін нарықтан 15-20 процентке төмен бағамен ұсынады", - деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Атап айтқанда, 34 жүк көлігіне тиелген 267,7 тонна көкөніс, бақша өнімдері, картоп, 29,5 тонна жеміс-жидек, 72 тонна ет және ет өнімі, 47,5 тонна сүт өнімі, 10 тонна балық, 6 тонна бал, 14,5 тонна жеміс шырыны мен консерві өнімдері.   

Түркістан әкімдігі негізгі өнімдер бойынша бағаларға да талдау жасаған. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында бір килограмм сиыр етінің нарықтағы орташа бағасы 2000 – 2100 теңге болса, жәрмеңкеде 1700-1800 теңге, қарбыз, қауынның килограмы 130-200 теңге болса, жәрмеңкеде 75-100 теңге, көкөніс өнімдерінің орташа бағасы 150-200 теңге болса, жәрмеңкеде 100-150 теңгеден қала тұрғындары мен қонақтарына сатылады.

5 және 6 қыркүйекте Алматы облысынан ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесіне үш қала – Текелі, Қапшағай және Талдықорған қалалары және 17 аудан қатысады.

Жалпы алғанда, 370,4 тонна ауыл шаруашылығы өнімі немесе 48 атаулы өнім әкелінеді.

Фермерлер 44,5 тонна ет, 16,1 тонна сүт өнімін, 113,6 тонна көкөніс, 14,7 тонна балық, 38 тонна жеміс-жидек, 42,6 тонна картоп, 100 тонна басқа да өнімдер әкеледі.
Жалпы сомасы 170,5 миллион теңгенің өнімін сату жоспарланып отыр.

Жәрмеңкеге келушілер маска тағу, қашықтықты сақтау және міндетті түрде антисептиктерді қолдану секілді қатаң санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау қажет.

Жаңалықтар
0