Саясат

Тоқаев Мусинді цифрлық даму министрі қызметіне тағайындады

Жазылу
Бағдат Мусин цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды. Ақордада тиісті жарлық жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек — Sputnik. Мемлекет басшысы Бағдат Мусинді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

"Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын", - деп жазылған құжатта.

Бағдат Мусин туралы не білеміз

Ол 1983 жылы Павлодар облысында дүниеге келді. Сүлеймен Демирел атындағы университетті және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген. 2011-2012 жылдары ҚР БАМ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары болды.

2012 жылдан бастап Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының лауазымын атқарды. 2014 жылдың сәуірінде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Бағдат Мусин Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитетіне 2017 жылдың қаңтарынан төрағалық етті. Оған дейін үш жыл "Қазпошта" АҚ-ның басқарма төрағасы болды.

2019 жылдың шілде айынан бастап президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болды. 2020 жылдың тамыз айының соңында кеңес құрамынан шығарылды.

2020 жылдың шілдесінде Мусин үкімет қаулысымен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Ол министр қызметін уақытша атқарды.

Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілін меңгерген.

Жаңалықтар
0