Оқиға

"Құдай бізді кешірсін": Атырауда сәбиді өлтірген дәрігерлердің әңгімесі жарияланды  

© Sputnik / Павел Львов / Медиабанкке өтуВрач роддома идет по коридору отделения патологии беременности, архивное фото
Врач роддома идет по коридору отделения патологии беременности, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Дәрігерлер бір-бірімен кеңесіп, баланың тағдырын шешкен. Әңгіменің аудиожазбасында "Құдай бізді кешірсін" деген сөздер бар, деп атап өтті тергеуші Асқарбек Ермұқашев

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Атырау перинаталды орталығындағы нәресте өліміне қатысты жаңа деректер жарияланды. Сот процесінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобын басқарған аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Асқарбек Ермұқашевтан куә ретінде жауап алынды, деп жазды Ақ Жайық.

Трагедия 2019 жылдың 29 қыркүйегінде болды. Сол күні Атырау перинаталдық орталығында дүниеге келген нәресте қимылсыз жатқандықтан, дәрігерлер сәбиді өлі туды деп тіркеген. Алайда нәрестені тоңазытқыш камераға апарған кезде оның аяғы қимылдай бастаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, дәрігерлер құжатты түзетпеу үшін оны тоңазытқышта қалдыруға шешім қабылдаған.

Сотта Ермұқашев перзентхана қызметкерлері нәрестені қандай әдіспен өлтіруді таңдағанын атап өтті.  

Акушер Кулбатырованың адвокаты Талғат Мұқатанов өзінің қорғауындағы адам қандай дәлелдер негізінде айыпталғанын сұрады. Ермұқашев оған: "жасырын тергеу амалдарының нәтижесінде, куәлардың айғақтары және сот-медициналық сараптама қорытындысы негізінде айыпталды" деп жауап берді.

Кулбатырова "басқа қылмысты жасыру мақсатында адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы жасаған аса қатыгездікпен кісі өлтіргені үшін" айыпталып отыр. Ермұқашев тергеу мұның бәрін дәлелдегенін айтты.

"Бұл жасырын тергеу амалдарының нәтижесінде дәлелденеді. Екі адамның өзара телефон арқылы сөйлескен әңгімесі бар. Әңгіменің мағыналық мазмұнын анықтау үшін филологиялық сараптама жүргізілді. Сіз қорғап отырған адам – орындаушы", - деді ол.

Оның айтуынша, Жоғарғы соттың нормативтік қаулысына сәйкес, нәрестені тоңазытқышқа салып, оның тыныс алуына мүмкіндік бермеу ерекше қатыгездікке жатады.  

"Басқа қылмысты жасыру мақсатында" - ҚР ҚК 317-бабы ("Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы") бойынша қылмысты жасыру мақсатында баланы тоңазытқышқа салды.

Ертеңгі күні сараптамада анықталмауы үшін оны суға немесе тоңазытқышқа салу туралы мәселе тұрды. Аудиожазбаның мазмұнына сүйенсек, суға салса, сараптама баланың өкпесінде су болғанын көрсетеді, сондықтан олар тоңазытқышқа салуды ұйғарған. Белгілі бір уақыт ішінде тірі сәби дәрменсіз күйде болды, оған көмек көрсетілмеген. Міне, осы дәлелдер ескеріліп, негізге алынды", - деп толықтырды Ермұқашев.

Тоңазытқыштағы бала өлімі: перзентхананың бұрынғы басшысы сотталып жатыр

Сондай-ақ жауап алу кезінде адвокат Бақберген Айтмамбетов оқиға аяқ астынан болғанын, бұған дейін олар біреуді өлтіремін деп келіспегенін алға тарта отырып: "Психологиялық-филологиялық сараптамада "бұл нұсқау берді" деп жазылған. Сөз байласқан деген түсінік қайдан пайда болуы мүмкін, маған түсіндіріңізші" деп сұрады.

"Мен жаңа айттым, телефон арқылы сөйлескен әңгіменің стенограммасы бар, филологиялық сараптаманың қорытындысы бар, оның ішінде дәрігерлер бір-бірімен кеңесіп, осы баланың тағдырын шешкені анық.  Әңгіменің стенограммасында "Құдай бізді кешірсін" деген сөздер бар. Олар әңгіменің төркіні не туралы екенін түсінді", - деп түйіндеді Ермұқашев.

Жаңалықтар
0