Қоғам

Ақпарат саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізіледі

© Sputnik / Айгюзель КадирЖурналисты собираются в пресс-центре правительства
Журналисты собираются в пресс-центре правительства  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжіліс депутатының айтуынша, аталған саладағы заңнаманы жетілдірудегі мақсат – БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Парламент мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитеті ақпарат мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарастырады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжіліс депутаты Бейбіт Мамыраевтың айтуынша, заң жобасы аясында бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, телерадио хабарларын тарату және ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнаманы жетілдіру көзделіп отыр.

"Өзгерістер мен толықтырулар бес заңға енгізіледі. Комитет осы заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2021 жылғы 17 наурызға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын", – деді Мамыраев мәжілістің жалпы отырысында.

Айта кетейік, 1 қыркүйек күні парламент мәжілісінің алтыншы сессиясы басталған болатын. Сол жерде президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы халыққа арнаған жолдауын жариялады.

Оқи отырыңыз: БАҚ өкілдеріне "жыны келген" вице-министр жаңа қызметке тағайындалды

Бүгін мәжілістің алғашқы жалпы отырысы өтті. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, осы сессияда біраз заң жобаларын қабылдау жоспарланып отыр. Ал ең басты міндет – жолдауда айтылған міндеттерді іске асыруға қажетті заңнамалық негіз жасау.

Жаңалықтар
0