Қоғам

2021 жылы салымшылар зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алуға пайдалана алады

© Sputnik / Тимур БатыршинЛоготип Единого накопительного пенсионного фонда
Логотип Единого накопительного пенсионного фонда  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан басшысы келесі жылы БЖЗҚ-ның 700 мың салымшысы жинақталған қаражаттың бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге жұмсай алатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН – 1 қыркүйек, Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағын тұрғын үй сатып алуға, емделуге пайдалану туралы шешімді жариялады.

"Менің тапсырмам аясында зейнетақы жинағын пайдалану мәселесі пысықталды. Бұл қазір өзекті болып тұр. 2021 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы жинақтың бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге жұмсай алады", - деді Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.

Мемлекет басшысы үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп 2020 жылдың соңына дейін барлық қажетті нормативтік-құқықтық актіні қабылдауды және дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда "5-10-20" бағдарламасы іске қосылады 

"Бұл зейнетақы жүйесіне қатысуға ынталандырудың тиімді құралына айналады", - деп есептейді президент.

Тұрғын үй мәселесін өздігінен шешуге табысы жеткіліксіз азаматтарға тиімді әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Жаңалықтар
0