Қоғам

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының қызметіндегі өзгерістерді атады

© Sputnik / Владислав ВодневВ Казахстане усиливают меры безопасности перед президентскими выборами
В Казахстане усиливают меры безопасности перед президентскими выборами - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоқаев учаскелік инспектордың мәртебесін заңнамалық түрде көтеру, оған өнімді жұмыс істеу үшін барлық мүмкіндікті беру қажет екенін атап өтті

АЛМАТЫ, 1 қыркүйек — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда құқық қорғау органдарының үш буынды моделін енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Соған сәйкес, полиция қылмысты анықтап, қылмысқа қатысы бар күдіктілерді анықтайды. Дәлелдер жинап, бекітеді.

"Прокурор жиналған айғақтарға тәуелсіз баға беруге, азаматтар құқығының бұзылуына, адал азаматтарды қылмыстық іске тартуға жол бермеуге, сотта айыптаушы тарапты қолдауға міндетті. Сот шағымдарды қарап, іс бойынша түпкілікті үкім шығарады", - деді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл тәсіл әр кезеңде істі сүзгіден өткізуге мүмкіндік береді.

"Заңдылық пен әділеттілік үнсіз келісім бойынша қамтамасыз етілуі қажет. Адамдардың тағдыры қылмыстық істердегі қателіктерге байланысты екенін есте ұстаған жөн", - деді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, 2021 жылдан бастап қылмыстық істер бойынша прокурорға адамның құқығы мен бостандығына қатысты негізгі іс жүргізу шешімдерін келісу міндетін заңды түрде жүктеу қажет.

"Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды болып саналады. Оның ішіндегі жеке түзетулер мен өзгерістер құқықтық қолдануға теріс әсер етеді және бірыңғай тергеу және сот практикасын жасауға мүмкіндік бермейді. Заңнаманы қолдану жөніндегі шешім көбінесе құқық қолданушының ыңғайына сүйене отырып, тиісті талдаусыз және болжам жасалмастан қабылданады", - деді Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда Әлеуметтік кодекс әзірленеді

Сол себепті әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтың жаңа ұғымдарын әзірлеу қажет. Сол арқылы құқық бұзушылық үшін жаза белгілеу қисыны қоғам мен заң қызметкерлеріне түсінікті болады.

Сонымен қатар мемлекет басшысы учаскелік инспектордың мәртебесін заңнамалық түрде көтеру, оған өнімді жұмыс істеу үшін барлық мүмкіндікті беру қажет екенін атап өтті.

Айтуынша, учаскелік инспектор азаматтар арасында танымал, қолжетімді, беделді болуы керек. Сонымен қатар, азаматтардың құқығын белсенді қорғауы қажет.

"Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін адамдармен ашық диалог жүргізуге үйрету маңызды болып саналады. Бұл бағыт кадрларды даярлау және іріктеу жүйесінде басымдыққа ие болуы қажет", - деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар президент бейнебақылау жүйесін дамыту туралы көп айтылатынын, алайда көп жағдайда құқық қорғау органдарының ғимараттары да бақыланбайтынын айтты. Сол себепті ол пенитенциарлық мекемелерге, полицияның қызметтік нысандарына бейнебақылау орнатуды тапсырды.

Жаңалықтар
0