Қоғам

Президент "Нұрлы жер" аясында салынатын үйлерге қатысты ұсыныс жасады

© Sputnik / Абзал КалиевКлючи, иллюстративное фото
Ключи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жергілікті бюджеттердің есебінен жеке тұрғын үйлердің құрылысы басталған болатын. Бірақ осы санаттағы баспана саны көп емес

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жеке тұрғын үй құрылысын барынша жылдам жүзеге асыруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Нұрлы жер" бағдарламасы жеке тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша баяу жүзеге асырылып жатыр. Себебі инженерлік желілерді тартуға біраз уақыт кетеді. Заң бойынша су мен электр желілері бар жер учаскелері ғана құрылысқа беріледі", - деді Тоқаев халыққа арнаған жолдауында.

Осы орайда президент үкімет пен әкімдіктерге әлеуметтік санаттағы жеке тұрғын үйлерді салу үшін коммуникациялық инфрақұрылымды тездетіп жасақтауға тапсырма берді. 

"Жердегі үй бұл баспана ғана емес, табысы төмен азаматтарға экономикалық демеу де бола алады. Әсіресе, көпбалалы отбасылар үшін тиімді. Депутаттардан осы маңызды мәселенің шешілуін бақылауға алуды сұраймын", - деп атап көрсетті Тоқаев. 

Мемлекет басшысы осы санаттағы баспанамен ауылда жұмыс істейтін азаматтарды қамту қажеттігін жеткізді. Ал арендалық үйлерді жұмыс берушілердің есебінен салып, кейін олардың шығынын субсидиялауға ұсыныс жасады. 

Айта кетейік, "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жергілікті бюджеттердің есебінен жеке тұрғын үйлердің құрылысы басталған болатын. Бірақ осы санаттағы баспананың саны көп емес.

Жаңалықтар
0