Қоғам

Ұстаздардың еңбекақысы екі есеге артады – мемлекет басшысы

© Sputnik / Абзал КалиевПортмоне с деньгами
Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президенттің айтуынша, мұғалімдердің жалақысын көтеру үшін алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің жалақысын көтеру жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді", – деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Президенттің айтуынша, мұғалімдердің жалақысын көтеру үшін алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді. Осылайша, ұстаздардың еңбекақысы екі есеге артады.

Оқи отырыңыз: Президент қандай мақсатқа қосымша 200 млрд теңге бөлінетінін айтты

Жаңалықтар
0