Қоғам

Тоқаев онлайн петиция жасайтын бірыңғай институт құруды тапсырды

CC0 / Free-Photos / Ноутбук с надписью Google
Ноутбук с надписью Google - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президенттің пікірінше, азаматтардың реформалары мен ұсыныстары үшін онлайн петиция жасайтын бірыңғай заңды институт құру қажет

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан азаматтарының реформалары мен ұсыныстары үшін онлайн петиция жасайтын бірыңғай заңды институт құрылады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Әлеуметтік желілердің арқасында жергілікті жерлерде шешімін таппаған мәселелер бүкіл елге белгілі болып жатыр. Азаматтардың реформалары мен ұсыныстары үшін онлайн петиция жасайтын бірыңғай заңды институт құру қажет. Мұндай механизм қандай да бір манипуляциядан толығымен ада болуы тиіс. Үкіметтің алдында азаматтық қоғаммен бірлесіп, нормативтік-құқықтық база әзірлеп, осы маңызды жобаға қатысты барлық техникалық мәселені шешу міндеті тұр", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында жыл сайынғы Жолдауын жария етіп.

Оқи отырыңыз: Ауыл әкімдерін халық сайлайды – Тоқаев 

Президенттің пікірінше, мәслихаттарға өңірді дамыту немесе жергілікті проблемаларға қатысты петиция жасау және қол жинау функциясын беру қажет. Сонымен қатар, мәслихаттардың ревизиялық комиссияларын да күшейту керек.

"Үкімет пен есеп комитетіне заңнамаға тиісті түзетулер әзірлеуді тапсырамын. Міндетті түрде мәслихат отырыстарының онлайн трансляциясын енгізу қажет. Халық қалаулыларының пікірталасы, олардың қоғамдық-саяси бейнесі қоғамнан жасырын болмауы тиіс", - деді мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, аса маңызды мәселенің бірі – аймақтарды бюджеттен қаржыландыру моделін әзірлеу.

"Бұл ретте орталық пен өңір арасындағы қарым-қатынастан бөлек, қаражаттың өңір ішінде бөлінуіне айрықша назар аудару керек. Жергілікті бюджеттерді бекіту барысында бақылауды күшейту қажет. Себебі бөлінген қаржы көп жағдайда тұрғындардың шынайы қажеттілігіне жұмсала бермейді. Бір-екі көшені жыл сайын қайта-қайта жөндей беру, имидждік іс-шараларға жұмсалатын тиімсіз шығындар азаматтарымыздың наразылығын тудыруда. Бұл орынды", - деді ол.

Тоқаев инфрақұрылымдық және әлеуметтік бастамаларға аудандар мен елді мекендердің бюджетінен қаражат бөлу үшін қоғамдық сараптама жүргізілуі тиіс екенін айтты. Бұл үшін онлайн сауалнаманы да қолданған жөн.

Жаңалықтар
0